КАЗ РУС

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛIГI МЕМЛЕКЕТТIК САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ
ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ШҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТI
<

«Дүниежүзілiк туберкулезбен күрес күніне арналған айлықты өткiзу туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 21 желтоқсандағы №1260 «Салауатты өмiр салты» Қаулысымен бекiтiлген бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жүргізілетін 2008-2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарына сәйкес, 2010 жылғы 23 ақпан мен 24 наурыз аралығында Республика аумағында, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында да Дүниежүзілiк туберкулезбен күрес күнiне арналған (2010 жылғы 24 наурыз) айлық өткiзiледi.

Туберкулез аурушаңдығы тұтас Республикада және Шығыс Қазақстан облысында өзекті мәселелердiң бiрi болып табылады. Облыс бойынша 2009 жыл мен 2008 жыл қорытындысын салыстырғанда туберкулез аурушаңдығының 5,8% төмендегенi байқалады. Сонымен қатар, туберкулездің кейбір түрлерінің дәрi-дәрмектерге төзімділігі анықталды, бұл эпидемиологиялық ахуалды одан ары шиеленiстiре түсуде.     

Аурудың кең етек жаюына әлеуметтiк жағдайдың қолайсыздығы, көші-қон үрдістерi және халықтың санитарлық сауаттылығы деңгейінің төмендігілі себеп болып отыр.
Халық арасында туберкулездiң алдын алу бойынша санитарлық сауаттылықты және  медициналық белсендiлiктi көтеру мақсатында айлық барысында келесi iс-шараларды жүргiзу жоспарлануда:

  • оқу орындарының медициналық қызметкерлеріне, студенттері мен оқушыларына, мұғалiмдеріне, алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету мекемелерiнiң мамандарына оқыту тренингiн өткiзу;
  • Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы туберкулез ауруының проблемаларын халыққа жеткізу;
  • Ақпараттық – шолу материалдарының аудио-видиороликтерiн тарату;
  • Дөңгелек үстел мен баспасөз-конференциясын өткiзу;
  • Жоғарғы және орта – кәсіптік оқу орындарында  туберкулездiң алдын алу  мәселелері жөнінде кеңес жүргiзу;
  • Ауқымды акциялар, спорттық жарыстар, сауалнамалар, байқаулар және өзге де iс- шаралар өткiзу.

 

ҚР ДСМ МСЭҚК  ШҚО бойынша
департаментінің  директоры Ерубаев Т.К.

 


     Copyright © 2008-2010

070003 Қазақстан Республикасы
ШКО,Өскемен,
Тәүелсіздік даңғылы , 17

Телефон: 8(7232) 767-336
E-mail: ses.vko@mail.ru
Кириллова Ольга Андреевна