КАЗ РУС

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛIГI МЕМЛЕКЕТТIК САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ
ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ШҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТI
<

«Шығыс Қазақстан облысындағы жіті респираторлық вирустық жұқпалар мен тұмау аурушаңдығының жағдайы туралы»

27.01.2010ж.- 02.02.2010ж. аралығында жiтi респираторлық вирустық жұқпалы аурудың (ЖРВЖ) 3576 жағдайы тiркелген, 100 мың адамға шаққандағы үдемелі көрсеткiш 252,0 құрады. ЖРВЖ мен тұмау аурушаңдығының денгейі өткен аптамен салыстырғанда 10% өскен.

Есептік аптада тұмаудың 1 жағдайы тіркелді.
14 жасқа дейiнгi балалар арасында жiтi респираторлық вирустық жұқпалы аурушаңдықтың 1926 жағдайы тiркелген. Жалпы ауырған адамдардың санына қарағанда, науқас балалардың үлес салмағы 53,8 пайызды құрады.
Есептік аптада А(H1N1) тұмаудың жағдайы тіркелген жоқ.

Апта iшiнде облыс бойынша 207 адам ауруханаға жатқызылды, жіті респираторлық вирустық жұқпалы аурушандық орташа түрде өтуде.
2009 жылдың індет кезеңінің басынан бастап облыс бойынша тұмауға қарсы 28008 адам егілді.    
Облыстың ауруханаларында науқастарға арналған орындар жеткiлiктi және жiтi респираторлық вирустық жұқпалар мен тұмаудың ауыр түрiмен ауырған науқастарды жатқызып емдеу үшiн қосымша орындар қарастырылған.

Жiтi респираторлық вирустық жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды емдеу үшiн ауруханалар мен дәрiханаларда дәрi-дәрмектер жеткiлiктi.
Жедел медициналық штаб отырыстары жүргiзулуде.

 

ҚР ДСМ МСЭҚК ШҚО бойынша департаменті директорының орынбасары 
М.Турабаева

 


     Copyright © 2008-2010

070003 Қазақстан Республикасы
ШКО,Өскемен,
Тәүелсіздік даңғылы , 17

Телефон: 8(7232) 767-336
E-mail: ses.vko@mail.ru
Кириллова Ольга Андреевна