КАЗ РУС

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛIГI МЕМЛЕКЕТТIК САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ
ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ШҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТI
<

Басқарма туралы

Департаменттің негізгі функциялары,  міндеттері мен құқықтары

Департамент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай функцияларды:

1) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының аумағына жұқпалы, паразиттік аурулардың әкелінуі мен таралуынан санитарлық қорғау бойынша іс-шараларды ұйымдастырады;
3) санитарлық–эпидемиологиялық сараптаманы ұйымдастырады;
4) өз құзырының шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асырады және жұқпалы, паразиттік аурулардың, сондай-ақ адам денсаулығы үшін ықтимал қауіпті заттар мен өнімдердің әкелінуі мен таралуы жағдайында санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізеді;
5) тамақтан улану, жұқпалы, паразиттік және басқа да, соның ішінде этиологиясы белгісіз аурулар кезінде  өз құзыретінің шегінде  санитарлық–індетке қарсы (профилактикалық)  іс-шаралар кешенін ұйымдастырады және жүзеге асырады; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша шешім қабылдайды және оларды орындауға бақылауды жүзеге асырады;
6) профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды сақтауға, тасымалдауға және пайдалануға бақылауды жүзеге асырады;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы медициналық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады, сондай-ақ лицензия берушілердің Қазақстан Республикасы заңнамаларын сақтауына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді;
8) жоспарлы, жоспардан тыс, өтініш бойынша, бірлескен, қарама-қарсы, рейдтік, бақылау  түрлеріндегі тексерістерді жүргізеді;
9) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектінің, көлік құралының  халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкестігін растайтын, және оларды қолдануға немесе пайдалануға құқық беретін санитарлық паспорт береді;
10) адамдарды, тамақ азық-түлігін, азық-түлік шикізатын, шаруашылық-ауызсуды, химиялық уытты, және радиациялық заттарды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ гигиеналық нормативтерге сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады, және оларды пайдалануға келісім береді;
11) жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге бақылауды жүзеге асырады;
12) дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастырады және объектілерде және ошақтарда дезинфекция, дезинсекция және дератизацияның жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;
13) жобаларға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді;
14) қатерді бағалауды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
15) өнімге, тауарға, процесстерге және қызметке арналған өңірлік стандарттарды қарайды және келіседі, сондай-ақ міндетті лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне өз құзырының шегінде қорытынды береді;
16) өз құзырының шегінде жоба алдындағы және жобалық құжаттамаларды қарайды және келіседі;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде:
атомдық энергетика және өнеркәсіп, косметикалық қызмет және мұнайды пайдалану объектілерін, химиялық және биологиялық заттардың, физикалық факторлардың қоршаған ортаға шығындылары бар объектілерді, экологиялық апат аймақтарындағы объектілерді және ұқсастығы жоқ жаңа технологиялық процесстері бар объектілерді орналастыруға, қайта жаңартуға және кеңейтуге;
өндірістік күштерді, қалалық және ауылдық елді-мекендерді, курорттық аймақтарды, техникалық-экономикалық негіздерді салудың бас жоспарларын, өнеркәсіптік және азаматтық маңызды объектілердің құрылысы және қайта жаңарту жоспарын орналастыруға;
функционалдық саласын (мақсатын) ауыстыру арқылы қайта жаңартуға жататын күтілетін құрылыс немесе объекті учаскесінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы материалдарға;
техникалық-экономикалық негіздеуге, зиянды заттарды және физикалық факторларды қоршаған ортаға шығаруға, санитарлық сақтау аймақтарына және санитарлық-қорғау  аймақтарына, шамамен рұқсат етілген шығарулары және шамамен рұқсат етілген жиналуы бойынша жобаларға және басқа да нормативтік құжаттарға, геологиялық зерттеулерге, технологияларға;
шикізатқа, тамақ азық-түлігіне, тауарларға, бұйымдарға, заттарға, механизмдерге, машиналарға, жабдыққа, құрылыс материалдарына,, сондай-ақ оқыту, тәрбие, физикалық дамыту, еңбек тәртіптеріне, өмір сүруге, демалуға, тамақтануға, сумен жабдықтауға, халықтың әртүрлі топтарына медициналық қызмет көрсетуге арналған нормативтік-техникалық құжаттама жобаларына;
шикізаттарды, тамақ азық-түлігін, ауызсуды, құрылыс материалдарын, кең қолданыстағы тауарларды, уытты, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, қолдану және сату жағдайларына, сондай-ақ жұмысты орындауға және қызмет көрсетуге;
оқыту, тәрбие, физикалық дамыту, еңбек, өмір сүру, демалу, тамақтану, сумен жабдықтау және халықтың әртүрлі топтарына медициналық қызмет көрсету жағдайларына;
санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды, халықтың денсаулық жағдайын сипаттайтын материалдарға, кәсіби, жұқпалы аурулар және уланулар туралы мәліметтерге;
топыраққа, су қоймасына және ауа атмосферасына арналған химиялық, биологиялық, уытты, радиологиялық және пестицидті жүктемелер бойынша материалдарға;
жаңа өнімге, технологияға;
өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы жобаланатын, салынып жатқан және пайдаланылатын объектілерге, өнеркәсіптік бұйымдарға және көлікке, сондай-ақ халықтың денсаулығы үшін ықтимал қауіпті және (немесе) маңызды басқа да объектілерге;
және мына:
елді-мекендерді жоспарлау, салу, өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді орналастыру, салу және жаңа жаңарту;
санитарлық-қорғау аймағы, суды пайдалану және ағын суларды бұру жағдайлары, уытты, радиоактивтік және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму;
шикізаттың, технологиялық жабдықтың, көлік құралының, тамақ азық-түлігін, азық-түлік шикізатын, өнеркәсіптік бұйымдарды, құрылыс материалдарын, ыдыстарды, азық-түлік шикізатының азық-түлікпен және ауызсумен, жабдықпен, аспаптармен және жұмыс құрал-саймандармен жанасатын орауыш және полимерлі материалдарын өндіру процесстерінің жаңа түрлеріне арналған стандарттар және техникалық шарттар жобалары бойынша;
оқу-еңбек жүктемесі және білім беру мекемесіндегі сабақ тәртібі бойынша материалдарға  арналған санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны қарайды және келіседі;
18) халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің, санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйелері құжаттарының,  есепке алу және есеп беру нысанының жобаларын әзірлеу бойынша ұсыныс енгізеді;
19)  халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің, санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйелері құжаттарының, есепке алу және есеп беру нысанын жобаларын әзірлеуге қатысады;
20) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкестігіне санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары зертханаларын аттестаттауды жүргізеді;
21) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысады;
22) «Шығыс-Қазақстан  облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – Орталық) қызметін үйлестіреді және қаржы шығындары республикалық бюджеттен өтелетін Орталықпен  өткізілетін зертханалық және құрал-саймандық зерттеулердің көлемін келіседі, сондай-ақ зертханалық кеңес жұмысына қатысады;
23) ауру, тіршілік ету ортасының жағдайы және өткізілетін санитарлық-індетке қарсы және профилактикалық іс-шаралар туралы халықты уақытылы хабардар ету жөніндегі   іс-шараларды жүзеге асырады;
24) санитарлық - эпидемиологиялық бейіндегі мамандарға біліктілік санаттарын береді, растайды;
25) тиісті деректер банкін құру арқылы санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-гигиеналық мониторингті жүзеге асырады;
26) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара әрекет етеді;
27) аурулар, тіршілк ету ортасы және өткізілетін санитарлық індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралар туралы халықты уақтылы хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
28) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына, гигиеналық нормативтерге халықтың декреттелген тобын оқытуды ұйымдастырады және салауатты өмір салтын насихаттауға қатысады;
29) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелері бойынша жиналыстар, конференциялар, семинарлар ұйымдастырады және жүргізеді;
30) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы  мәселелері бойынша бағдарлама әзірлейді.

Департамент өз құзыретінің шегінде негізгі міндеттерді іске асыру және өз функциясын жүзеге асыру мақсатында:

1) халықтың санитарлық–эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заң нормаларының орындалуын тексеру мақсатында кәсіпорын субъектілерін тоқсанына бір рет, объектінің эпидемиологиялық маңызына қарай айына бір рет, сондай-ақ кәсіпорын субъектісі болып саналмайтын  мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық  бақылау объектілерін мемлекеттік органмен белгіленген жиілікке сәйкес (қызметтік куәлікті көрсете отырып)кедергісіз тексеруге;
2)  халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы  туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылығын жою туралы жеке және заңды тұлғаларға ұйғарым беруге;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, жеке кәсіпкерлерден және заңды тұлғалардан халықтардың санитарлық–эпидемиологиялық мәселелері жөнінде ақпарат сұрауға;
4) санитарлық ережелер мен нормалардың (бұдан әрі – санитарлық ереже), гигиеналық нормативтердің бұзылуы жойылғанға дейін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жекелеген жұмыс түрлерін, көлік құралдары мен объектілерін пайдалануды тоқтата тұруға;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті деп танылған жағдайда шикізаттардың, өнімнің, технологиялық жабдықтың, процесстердің, құрал-саймандардың, жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және сатуға, объектілерді пайдалануға тыйым салуға;
6) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға, сотқа және өзге де уәкілетті органдарға өтініш білдіруге, Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес әкімшілік жаза қолдануға;
7) санитарлық ережені, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді білуге халықтың декреттелген тобына аттестаттау жүргізуге;
8) Қазақстан Республикасында  белгіленген заңнама тәртібімен халықтың,  сондай–ақ шаруашылық қызметте пайдалануы мен қолдануына арналған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салуға;
9) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына жұқпалы, аса қауіпті және карантиндік аурулардың әкелінуінен және таралуынан, адам денсаулығы үшін ықтимал қауіпті өнімдердің, химиялық, уытты, радиациялық және биологиялық заттардың әкелінуінен санитарлық қорғау бойынша бақылау функцияларын жүзеге асыруға;
10)  халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу фактілері бойынша материалдарды қарау үшін лауазымды, жеке және заңды адамдарды  санитарлық – эпидемиологиялық қызмет органдарына шақыруға;
11) жұқпалы, паразиттік аурулардың көзі болып табылатын, халықтың декреттелген тобына жататын, сондай-ақ уақтылы медициналық қараулардан өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы ұйғарым шығаруға;
12) жекелеген объектілерде шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин орнатуға;
13) жұқпалы және паразиттік ауруларды таратудың ықтимал көзі болып табылатын, сондай-ақ жұқпалы аурумен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды зертханалық зерттеу нәтижелерін алғанға дейін оларды жұмыстан шеттету арқылы медициналық қарауға жіберуге;
14) жұқпалы және паразиттік аурулардың көзі болып табылатын адамдарды міндетті ауруханаға жіберуге;
15) үй-жайларда, көлік құралдарында, аумақтарда, жұқпалы және паразиттік аурулар ошақтарында халыққа міндетті вакцинацияны, профилактикалық және ошақтық дезинфекцияны, дезинсекцияны және дератизацияны жүргізуді талап етуге;
16) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жасау үшін өнімнің құнын өтемей, сараптама жасауға жеткілікті және оған қажетті көлемнен аспайтын мөлшерде өнімнің үлгілерін көруге және іріктеу жүргізуге;
17) санитарлық паспорттарды мына жағдайларда:
пайдаланылатын көлік құралын (тасымалдау түрі) санитарлық паспортта көрсетілген мақсатқа сай  пайдаланбау фактісі;
оларды жойғанға дейін көлік құралдарын, объектіні пайдалану кезінде санитарлық ережелердің, гигиеналық нормативтердің бұзылуы анықталғанда кері қайтарып алуға құқылы.

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) денсаулықты, тіршілік әрекетінің қолайлы жағдайын және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты сақтауға арналған азаматтардың құқығы мен міндеттерін іске асыру;
3) облыс аумағында барлық жеке және заңды адамдардың орындауы үшін міндетті халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша шешімдерді қабылдау, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша қызметтің профилактикалық сипатын қамтамасыз ету, халықтың денсаулығына тіршілік ортасының зиянды факторларының әсерін ескерту болып табылады.

 


     Copyright © 2008-2010

070003 Қазақстан Республикасы
ШКО,Өскемен,
Тәүелсіздік даңғылы , 17

Телефон: 8(7232) 767-336
E-mail: ses.vko@mail.ru
Кириллова Ольга Андреевна