|
Нормативтік база
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санэпидқадағалау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің баспасөз-қызметі хабарлайды:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау ережелері туралы 2 тармағын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы №1894 «Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңын іске асыру туралы» қаулысының 2 тармағын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрі Ж.Досқалиевтің 2010 жылғы 22 қаңтардағы №36 бұйрығымен ҚР ДСМ МСЭҚК департаменттеріне төменде көрсетілген медициналық қызмет түрлерін лицензиялау бойынша өкілеттіліктер берілді:
- санитарлық-эпидемиологиялық және індетке қарсы медициналық қызмет: гигиеналық оқыту, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құрал-жабдықтарын, сонымен қатар, оларды пайдаланумен байланысты қызмет көрсетулер мен жұмыстар түрлерін жүзеге асыру, өндіру және қайта өңдеу;
- санитарлық-гигиеналық және зертханалық зерттеулер: бактериологиялық, вирусологиялық, физикалық факторларды өлшеу (шу, діріл, электромагниттік өріс және т.б), паразитологиялық, радиометрия және дозиметрия, санитарлық-химиялық, токсикологиялық.
Барлық сұрақтар бойынша сіздер 76-62-41 телефонына хабарласа аласыздар.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау миниистірімен төмендегідей нормативті – құқықтық актілер қабылданды:
- Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 27 қарашадағы №572 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік санитарлық –эпидемиологиялық қадағалауға жататын нысандар мен өнімдердің тізімін бекіту туралы;
- Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы №640 бұйрығымен бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізудің ережелерін бекіту туарлы;
- Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №702 бұйрығымен бекітілген алдын алу құрал-жабдықтарын (иммунобиологиялық, диагностикалық, залалсыздандыратын) пайдалану мен тасымалдау, сақтау ережелерін бекіту туралы;
- Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы №709 бұйрығымен бекітілген, міндетті түрде медициналық тексеруден өткізілетін зиянды өндірістік факторлар, кәсіптердің тізімін, міндетті түрдегі медициналық тексерулерді өткізудің ережелерін бекіту туралы;
- Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №768 бұйрығымен бекітілген жеке медициналық кітапшаларды беру, тіркеу және жүргізу ережелерін бекіту туралы;
- Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №770 бұйрығымен бекітілген тұрғындардың декреттелген топтарын аттестациядан өткізу ережелерін бекіту туралы.
Танысу мен ары қарай жұмыс жасау үшін аталмыш құжаттар «Қазақ республикалық санэпидстанциясы» ММ Веб-сайт мұрағат бетінде жарияланатын болады www.rseskgsnmzrk.idhost.kz/1
ҚР ДСМ жаңа бұйрықтары қабылданған сайын мұрағат беті жаңаланып отыратынын мәлімет үшін хабарлаймыз.
|